Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 701 469 49 57
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
ИП "Жан-Шуағы" «Айсұлтан» жекеменшік балабақшасы

«Балабақша – балалықтың ордасы»

Айсұлтан балабақшасы 2019 жылы ашылып, 42 балаға арналған заманауи білім мен тәрбие ордасы ретінде өз жұмысын бастады. Балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолайлы орта жасалған. Әр топ бөлмесі жарық, қауіпсіз және дамытушы ойыншықтармен жабдықталған.

Мұнда бүлдіршіндер тек білім алып қана қоймай, өздерін еркін сезінуге, ойларын ашық айтуға, достарымен тату болуға тәрбиеленеді. Тәжірибелі тәрбиешілер әр баланың жеке қабілетін ескеріп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Күн сайын өткізілетін танымдық ойындар, шығармашылық сабақтар, ән-күй, би және сурет салу жұмыстары балалардың қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтеді.

Балабақшада денсаулыққа да ерекше көңіл бөлінеді. Таңертеңгілік жаттығулар, қимылды ойындар мен серуендер балалардың денесін шынықтырып, сергек болып өсуіне ықпал етеді. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі бала ағзасының үйлесімді дамуына көмектеседі.

Ата-аналармен тығыз байланыс орнатылып, әр баланың жетістігі мен дамуы үнемі назарда ұсталады. Ортақ мақсат - саналы, тәрбиелі, білімді, мейірімді ұрпақ тәрбиелеу.

Осылайша, Айсұлтан балабақшасы – балалардың бақытты балалық шағының жарқын мекені, болашаққа нық қадам басуына берік негіз қалайтын тәрбие ордасы.

Айсұлтан балабақшасы - әр бүлдіршінге айдай мейірім, сұлтандай сенім.